Елімізде қоғамдық көліктерде Wi-Fi қосылмақ

Елімізде қоғамдық көліктерде Wi-Fi қосылмақ

ашық дереккөзі

 width= Алматыда автобустар мен троллейбустар Wi-Fi-ға қазан айының соңына дейін қосылады. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Wi-Fi құрылғысын орнату бойынша, тасымалдаушы компаниялар операторлармен келіссөздер жүргізуде. Алдағы уақытта қаладағы «Электротранстың» бір бөлігіне Wi-Fi енгізіледі. Жабдықтарды кезең-кезеңімен орнату жұмыстары басталып кетті. Шамамен қазан айының соңы мен қарашаның басында Wi-Fi қосылған алғашқы 50 троллейбус қызмет көрсете бастайды», - деді Ерлан Әділов.
Оның айтуынша, Wi-Fi автобустарға кезең-кезеңімен орнатылады.

Жүктелуде...