Нұрымбетов мәлімдемесі: Елімізде зейнетке шығу жасы төмендей ме?
Нұрымбетов мәлімдемесі: Елімізде зейнетке шығу жасы төмендей ме?

"Қазіргі зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне тікелей байланысты. 1998 жылға дейін жұмыс істегені үшін мемлекет тарапынан төленетін ынтымақты зейнетақы бар. Кепілдендірілген базалық зейнетақы мен жинақ жүйесі қарастырылған. Ынтымақты зейнетақы біртіндеп қысқарады. Себебі ол тек 98-ші жылға дейінгі еңбек өтілі үшін ғана төленеді. Сондықтан бірінші орынға жинақ жүйесі шығады. Ал одан төленетін зейнетақының мөлшері сол жинақ жүйесіне қатысу мерзімі мен жинақтың сомасына байланысты", - деді Нұрымбетов.Министрдің сөзінше, үкіметтің қазіргі міндеті – халықтың табысын арттыру. Соның арқасында зейнетақы жинақтары да көбейеді. "Әрине, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы халықтың салымдарын арттыру міндеті де бар. Сондықтан біз осы бағытта көбірек жұмыс істейтін боламыз", - деді министр.