Зейнетақы жинағын алу үшін шотыңызда 2 миллион 500 мыңнан басталатын қаражат болуы керек
Зейнетақы жинағын алу үшін шотыңызда 2 миллион 500 мыңнан басталатын қаражат болуы керек

"Жеткіліктілік шегі әр жасқа бөлек белгіленеді. 20 жастан басталады", - деді Нұрымбетов.Айтуынша, алдын ала есептеу бойынша 30 жастағы азаматтың есепшотында 2 миллион 518 мың теңге болуы керек. 35 жас – 2 миллион 961 мың теңге 40 жас - 3 миллион 437 мың теңге 45 жас - 3 миллион 947 мың теңге 50 жас - 4 миллион 495 мың теңге 55 жас - 5 миллион 84 мың теңге "59 жастан асқан азамат үшін 5 миллион 586 мың теңге қажет. Бұл жеткіліктілік шегі, бұдан асқан соманы олар өз қажетіне ала алады", - деді ол. Еске салсақ, президент биылғы жолдауында 2021 жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алатынын айтты.