Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын алу үшін шотыңызда 2 миллион 500 мыңнан басталатын қаражат болуы керек

Зейнетақы жинағын алу үшін шотыңызда 2 миллион 500 мыңнан басталатын қаражат болуы керек

Зейнетақы жинағын алу үшін шотыңызда 2 миллион 500 мыңнан басталатын қаражат болуы керек
ашық дереккөзі
 width= Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер ала алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегі ерлер мен әйелдер үшін бірдей. Жеткіліктілік шегі жыл сайын есептеліп отырады.
"Жеткіліктілік шегі әр жасқа бөлек белгіленеді. 20 жастан басталады", - деді Нұрымбетов.
Айтуынша, алдын ала есептеу бойынша 30 жастағы азаматтың есепшотында 2 миллион 518 мың теңге болуы керек. 35 жас – 2 миллион 961 мың теңге 40 жас - 3 миллион 437 мың теңге 45 жас - 3 миллион 947 мың теңге 50 жас - 4 миллион 495 мың теңге 55 жас - 5 миллион 84 мың теңге "59 жастан асқан азамат үшін 5 миллион 586 мың теңге қажет. Бұл жеткіліктілік шегі, бұдан асқан соманы олар өз қажетіне ала алады", - деді ол. Еске салсақ, президент биылғы жолдауында 2021 жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алатынын айтты.