Қазақстандықтар қай әндерді жиі тыңдайды?

02 Ақпан, 2019 639 0

"Яндекс.Музыка" қазақстандықтардың қайталап жиі тыңдайтын әндерін анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Үздік 20 композициның ішінде бірінші орында, тыңдарман ең көп қайталап қосқан - рэпер MATRANG-тің "Медуза" әні. Ал одан кейін қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің "Медина" трегі тұр. Ал Қазақстанда әндерін  жиі тыңдайтын үздік 10 орындаушының тізімі мынадай: 1. Jah Khalib 2. Imagine Dragons 3. Скриптонит 4. LOBODA 5. Мот 6. XXXTentacion 7. Егор Крид 8. Miyagi & Эндшпиль 9. Элджей 10. HammAli & Navai "Яндекс. Музыка" сарапшылары статистиканы зерттеп, орыс тілді орындаушылар көп тыңдалатынын анықтады. "Алматылық сервис қолданушысы рэпер KUKOYAKA-ның "POOPIN" трегін бір жылда 901 рет, ал Астаналық қолданушы НАZИМЫ & Тиматидің "2000" әнін 374 рет тыңдаған. Алматыда екі адам Quest Pistols тобының өнерін қайталап қосқанды жақсы көреді:  бірі "Непохожие" әнін 862 рет, екіншісі "Революцияны" 475 рет тыңдаған", - деп хабарлады сарапшылар.

Тегтер: музыка, казахстан, ән, рэп, поп, әнші, тамада

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.