16 жыл бұрын түсінде көрген көлігін өңінде жасап шығарды
16 жыл бұрын түсінде көрген көлігін өңінде жасап шығарды

«Әлі есімде, велосипедтің жақтауы жанымда жақсы сақталып қалды. Оянсам, түсім екен. Біраз ойланып жүріп, іске асыруды жөн көрдім».Кезінде университетте дәнекерлеу өндірісінің технологиясын жастарға үйреткен өнертапқыш үш дөңгелекті «көлікті» өз үйінің балконында жасап шығарған. Ең алдымен сызбасын қағаз бетіне түсіріпті. Соған сәйкес, әрбір нүктені шебер қиылыстырған. Нәтижесінде ойлаған арманын оп-оңай жүзеге асырды. Валентин БОНДАРЕВ, Өнертапқыш:
«Егер асықпай жүретін болсаңыз, сағатына 20 шақырымға дейін жетуге болады. Ал, адымдап 15 шақырымды еңсересіз».Бұл - «асықпаған арбамен қоян алады» дегенге саяды. Дегенмен, өнертапқыш өз ойының жүзеге асқанына қуанышты. Өйткені, өздігінен жүріп-тұра алмайтын азаматтар мен сал ауруына шалдыққан науқастар және жүрек талмасы бар жандар мінсе, тапсырмас құрал болады дейді. Тіпті, жүйкесі сыр берген шенеуніктерге де мініп жүріңдер деп кеңес беріп отыр. Валентин БОНДАРЕВ, өнертапқыш:
«Өте баяу қозғалыста жүріп, жүректің қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Қан айналымын арттырады».Автор кезінде жүрек ауруына шалдыққан соң осы құралды ойлап табу арқылы дертінен біржола айыққанын айтып отыр. Жан-жаққа дәлелдеп жүріп, патент те алып үлгеріпті. Енді оның санын көбейтпек ниетте. Бірақ, қаржы жоқ. Біржолата айналымға шығару үшін инвестор іздеп жүр.