Оқушылар онлайн оқудың машақатын тартуда

Оқушылар онлайн оқудың машақатын тартуда

«Біздің ауылда мүлдем сеть ұстамайды. Осы ас үйде отырып оқимыз. Басқа бөлмелерде мүлдем сеть ұстамайды. Мысалы ватсап месенжеріне келген хабарламалар кешігіп келеді. Апайлардың жіберген тапсырмалары біраз минуттан кейін бірақ келеді. Сөйтіп тапсырмаларды кешігіп жібереміз. Уақытында дұрыс орындап бере алмаймыз».Жаңа оқу жылы "онлайн" болады дегенді естігенде ата-аналардан маза кеткен. Көмек сұрап бармаған жерлері жоқ. Аудандағы "Қазақтелеком" бөлімшесіне барып, телефон желісін тартып беруді сұрапты. Келген жауапты естігенде естеріне танып қала жаздаған. Бақытгүл ҚАЛИБАЕВА, Айжарық шағын ауданының тұрғыны:
«Маған телекомның несі Талдықорғанда екен. Сол жақтан звондады сіздерге отказ келді, 20 миллион 800 мың ақша кетеді екен. Біздің фондымызда ақшамыз жоқ. Сіздерге отказ келді деді».Елдімекенде өркениттің қарапайым жетістіктерінің өзі тапшы. Бар ауырпалықты жергілікті билік тұрғындардың мойнына артып қойды деп ашынуда. Ауыз су, электр желісі, жол барлығын жұрт өз есебінен жүргізуде. Рахия ӘУЕЛБЕКОВА, Айжарық шағын ауданының тұрғыны:
«Су кіргізу үшін 250 мың, газ кіргізу үшін 350 мың, свет үшін тағы 250 мың, сонда қалай біз, халықтың бірі кредитке кіріп кетті. Сол су мен газды кіргізу үшін кредитке кіріп кетті. Сол үшін асылып өліп жатқан адам қаншама сол кредитті төлей алмай».Көшелерге асфальт төсеу деген мұнда орындалмайтын арманмен тең. Көктем-кұзде балшыққа батататын түрғындар көшені жөндеудің қамына өздері кіріскен. Белуардан батпақ кешіп әбден мезі болған тұрғындар әр отбасынан 20 мың теңгеден ақша жинап, көшелеріне мынандай тас түсірген. Енді оны жаймалау үшін тағы әр отбасынан ақша жинауына тура келеді. Көшеледе атау атымен жоқ. Бас ауырып, балтыр сыздағанда жедел жәрдем шақырту үшін нақты мекен-жайларын айтып түсіндіре алмай қиналады екен. Ол аздай жер телімдері жөнді бөлінбегендіктен көршілер арасында талас туындап, бір көшені бір азамат қоршап алыпты. Жергілікті әкімдік мән-жайдан хабардар екенін жеткізді. Ұялы байланыс қызметі бір айдың көлемінде шешіліп қалада деп сендірді. Ауданда оннан астам елді мекен мен 130 жуық саяжайда ұялы байланыс нашар екен. Оларды бір мезетте шешу мүмкін емес деп отыр. Жанкелді ӨМІРӘЛИЕВ, Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:
Айжарық шағын ауданындағы интернет проблемасы белгілі. Жаңа микроройон болғандықтан ол жерде телефон байланысы жақсы ұстамайды. Ол бойынша Тұздыбастау әкімдігі айналысып жатыр. Осы қыркүйек айының соңына дейін вышкасын орнатады. Одан кейін и нтернет, связ барлығы жақсы болады».Елдімекен құрылғанына оншақты жылдың жүзі болғанымен әлі Талғар ауданының бас жоспарына енбепті. Жыл соңына дейін енгізіп, одан кейін аудан бюджетінен қаржы қарастыру көзделіпті. Егер жоспарға енбей қалса тағы қанша уақын күтетіні белгісіз.