Түркия коронавирус пандемиясы бірінші толқынының екінші шыңына жетті. Бұл туралы елдің денсаулық министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді.
Министр Анкара, Стамбұл, Измир, Бұрса және өзге шығыс провинцияларда қауіп жоғары екенін жеткізді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
"Пандемия жалғасып жатыр. Күн сайын вирус жұқтырғандар саны көбейіп келеді. Біз бірінші толқынның екінші шыңын бастан кешудеміз", – деді Фахреттин Қожа.
Министрлік басшысының айтуынша, 2 қыркүйекте Түркияда тағы 1 596 адам COVID-19 жұқтырған. Бұл 15 маусымнан бері ең көп өсім.
COVID-19 жұқтырғандардың басым бөлігі Анкара қаласында тіркелген. Стамбұлдан екі есе көп.
"Сондықтан біз, әсіресе, Анкарада әлеуметтік қашықтық сақтауға мән беріп отырмыз. Егде жастағы адамдарға кейбір мекемелерге кіру мүмкіндігі шектелді. Алайда әзірге коменданттық сағат сынды шара қолданылмайды", - деді түркиялық министр.
Түркияда 273 301 адам індетке шалдықты, 6 462-сі қайтыс болды.