Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

АҚШ: Қытай Тәжікстанға ірі әскери база салады

АҚШ: Қытай Тәжікстанға ірі әскери база салады

АҚШ: Қытай Тәжікстанға ірі әскери база салады
ашық дереккөзі
 width= Қытай Орталық Азия елдерінде әскери база салуды қарастыруда. Пентагонның жыл сайынғы баяндамасында Қытайдың Тәжікстанда ірі әскери база салу мүмкін екендігі белгілі болды. «Коронавирустан кейінгі экономикалық және саяси дағдарыстың салдарынан, Орталық Азия үшін әлемдік державалардың тартысы арта түседі» дейді сарапшылар. Пентагонның арнайы баяндамасында Қытайдың Мьянма, Таиланд, Сингапур, Индонезия, Пәкістан, Шри-Ланка, БАӘ, Кения, Танзания, Ангола, Тәжікстанда әскери база салу мүмкіндігін қарастырып жатқандығы айтылған. АҚШ әскерилері Қытайдың сырт елдерде әскери база салып, қарулы күштерін арттыруы алаңдатарлық жайт дейді. АҚШ сарапшылары Қытай «Бір белдеу - бір жол» жобасы арқылы экспансиялық саясатын күшейтетінін айтуда. Қазірдің өзінде Қытайдың кеме жасау, қанатты зымырандар мен ұзақ қашықтыққа бағытталған зымырандар кешенінің АҚШ-пен тең түсетінін баяндама авторлары мойындап отыр.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ