Семейде әйел 30 градустық аязда аяғын үсітіп алды

01 Ақпан, 2019 604 0

Семей тұрғыны 30 градустық аязда далаға жалаңаяқ шығып, екі аяғын бірдей үсітіп алды деп жазады altaynews.kz.

Алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған әйел далаға жалаңаяқ шығып кеткенін білмеген. Тек екі аяғы бірдей үсіктен қозғалмай қалғанда ғана сезіп, жедел жәрдем шақырған.

«Әйелдің екі аяғын екінші дәрежеде үсік шалған. Ол мас болғандықтан, өзінің аяқ киімсіз далаға шығып кеткенін білмеген. Қазір науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр», - дейді қалалық аурухана басшысының орынбасары Гаухар Мансұрова.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, сол түні далада 30 градус аяз болған.

Тегтер: Семей, аяз, Шығыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.