Маңғыстау облысының полициясы Ресейдің ең қауіпті қылмыскерінің бірі – "Орск маньягінің" Қазақстанда жасырынуы жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, мұндай ақпарат республикалық БАҚ-тың бірінде "Ресейдің ең қауіпті маньяктарының бірі Қазақстанда жасырынуы мүмкін" деген тақырыппен жарияланған. Мақала 2 қыркүйекте әлеуметтік желілердің мониторингі кезінде анықтады.
Маңғыстау облысының полиция департаменті барлық мекеменің тексерілгенін және бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Департамент басшылығы бұл ақпаратты бақылауға алды.
Сонымен қатар облыс тұрғындары мен қонақтарынан үрейге бой алдырмай, тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.