Алматыда онлайн-платформада сабақ өтудің алғашқы күнінде оқушылар үшін қиындық туды. Ата-аналардың айтуынша, платформа жүктемені көтере алмай қалды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматылық Адель Жанпейісова екінші сыныптағы қызы алғашқы сабағын қашықтан оқығанын айтты.
"Бірінші сабақ 30 минут өтті және уақыт жоғалттық. Ешқандай бағдарлама жұмыс істемейді, жүктемені көтермейді. Бізге барлық платформа жұмыс істейді деген болатын.
Google Meet арқылы конференция құрғымыз келді, бірақ мұғалімді платформадан шығарып жіберді. Егер мұғалім қосылса, басқалардың сөйлегені естілмейді. Zoom-конференциясы мүлдем ашылмайды. Тек жеті адам сабаққа қосылды. Қалған 22 бала сабаққа қатыса алмады. Онлайн-сабақ болмайды. Қазір тапсырмаларды WhatsApp арқылы жіберіп жатыр", - деді Адель Жанпейісова.
Сондай-ақ алматылық әйел Online Mektep жүйесіне де кіре алмағанын айтты. Оқушылар бұл сайтта тапсырма алып, үй тапсырмасын орындау керек.
Тағы бір алматылық Аида Мусина Zoom қосымшасындағы байланыс нашар болған соң WhatsApp арқылы оқуға тура келгенін айтты.
"Шынында бұл сұмдық қой. Сонша уақытымыз бос кетті. Соңында сабақты теледидардан қараймыз. Күнде таңертең сағат 8-де WhatsApp арқылы тапсырмаларды жібереміз деп шешті. Сосын біз балаға өзіміз түсіндіреміз. Сосын ол сабаққа қалай жауап бергенін видеоға түсіріп, мұғалімге жібереміз. Осы дұрыс оқу ма?" - деді әйел.