ҚР Парламенті Мәжілісі Айзада Құрманованың, Нұрлан Дулатбеков және Нұрлан Әбдіровтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
Алтыншы сессияның алғашқы жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экс-депутаттарға Алғыс хат табыстады.
«Құрметті Айзада Амангелдіқызы! Сізге барлық әріптестер атынан алғыс айтамыз. Біз бірнеше жыл бірге жұмыс істеп, көптеген заңдар қабылдадық. Қазіргі уақытта сіз Павлодар облысы әкімінің орынбасары ретінде жұмысты бастап кеттіңіз. Сондықтан осы жаңа жұмысыңызға зор табыс пен сәттілік тілейміз», - деді Мәжіліс төрағасы.
Айта кетейік, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Айзада Құрманова әлеуметтік блоктың жұмысын қадағалайтын болады.
Заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне ректор болып тағайындалды.
Ал Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланды.