Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болады?

Қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болады?

Қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
 width= Синоптиктер қыркүйек айының орташа ауа температурасы еліміздің көп бөлігінде қалыпты нормадан 1°С жоғары болатынын айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – нормадан 1°С-қа төмен болады деп күтіледі. Қазақстан аумағының басым бөлігінде көпжылдық деректер бойынша үсік айдың бірінші жартысында, оңтүстік облыстарда - айдың соңында ғана байқалуы мүмкін. Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері тамыз айымен салыстырғанда ауа температурасының жалпы төмендеуі кезінде ауаның ылғал құрамының төмендеуі есебінен азаяды. Жауын-шашын аз қарқынды, бірақ ұзаққа созылады. Күздің бастапқы кезінде Қазақстан аумағында жазғы ыстық ауа райы сақталады.