Жаңалықтар

Ресейдің ең қауіпті қылмыскері Қазақстанда жасырынған болуы мүмкін

Ресейдің ең қауіпті қылмыскері Қазақстанда жасырынған болуы мүмкін

 width= Жақында "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Ресейдегі ең қауіпті қылмыскер, Валерий Андреев есімді маньякты ресейлік полицейлер біраз жылдан бері іздеп жүргені, ол Ақтаудағы психиатриялық емдеуде жатқаны туралы хабар пайда болды. Бұл туралы "ТоболИнфо" басылымының материалында жазылған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл пабликте желі қолданушылары зорлықшының жүруі мүмкін жерін айтқан, ал кейбірі оны көргенін хабарлаған. Оны Челябинск, Қостанай, Краснояр, Қарағанды және Ресей мен Қазақстанның басқа да қалаларынан көрген. Соңғы мәліметтер бойынша, оны Ақтауда көрген. Валерий Андреев - қылмыскер, Ресейдегі ең қауіпті қылмыскерлердің ондығына кіреді. 1957 жылдың 10 сәуірінде Орынбор облысында туған. Біраз жыл Орск қаласында отбасымен тұрған. Тергеу мәліметінше, маньяк Оңтүстік Оралда 2006-2012 жылдары тұрған. Осы уақыт аралығында 100-ге жуық әйелді зорлап, өлтірген. Полицейлердің көзіне түскеннен кейін алдын ала әйеліне хабарласып, қашып кеткен. Андреевтің іздеуде жүргеніне 8 жыл болған.  width= 2013 жылдың қыркүйегінде полицейлер Андреевтің соңғы құрбаны - Ольга Журавлева есімді жас қыздың денесін анықтаған. Ол Жаңаталап аулының маңынан табылған. Ресейдің ІІМ қылмыскерді ұстауға көмектескендерге бір миллион рубль көлемінде сыйақы төленетінін айтады. Сондай-ақ Орынбор облысының губернаторы жарты миллион рубль беруге дайын.