Қыдырәлі мен Қарақат сәбилі болды. Қыдырәлі Болманов Instagram парақшасында қазақстандықтардан сүйінші сұрады, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
"Сүйінші, Қазақ елі! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып, тағы бір тәтті қыз берді. Алла қосқан ақ Қақатым балпанақтай бөпені өмірге әкелді", - деді ол.
Оларды өнердегі әріптестері де құттықтап жатыр.
"Қарақат құрбымыз аман-есен аяқ-қолын бауырына алып, қыз босанды. Қыдырәлі мен Қарақат 4 ұл мен 2 қыздың ата-анасы", - деп жазды Алтынай Жорабаева.