Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жала жапқаның үшін 10 миллион теңге айыппұл төлейсің: Мұхтар Тайжан Марғұланды сотқа бермек

Жала жапқаның үшін 10 миллион теңге айыппұл төлейсің: Мұхтар Тайжан Марғұланды сотқа бермек

Жала жапқаның үшін 10 миллион теңге айыппұл төлейсің: Мұхтар Тайжан Марғұланды сотқа бермек
ашық дереккөзі
 width= Осыдан біраз уақыт бұрын қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мен белді бизнесмен Марғұлан Сейсенбайдың арасында кикілжің пайда болған еді. Мұхтар Тайжан кезекті арызын дайындап жатқанын өз facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. "Бизнесте де, қоғамдық қызметте де әркім өз ісі мен әрекетіне жауап беруі керек. Сәуірде сен маған және менің отбасыма қатысты жала жауып пост жаздың. Сол кезде мен сені дебатқа шақырып, өз айтқандарыңды дәлелдеуге шақырдым, бірақ сен бас тарттың. Енді мен саған ресми сот алдында өз сөзіңді негіздеуге мүмкіндік беремін. Егер сен сотта сөзіңде дәлелдей алмасаң бұрынғы «ерліктеріңе» тағы бір жетістігің – жалақор деген атақ қосылады. Сонымен бірге, 10 млн теңге айыппұл төлейсің, мен ол ақшаны қайырымдылыққа жұмсаймын. Жаздың өтуін күттім, өйткені көп адам жазда күн сайын қайғылы жағдайға тап болып, жақындарынан айырылды. Қазір ел ақырындап қалыпты өмірге оралып жатыр. Сонымен бірге, бүгінде мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі емеспін, сенің үйіңнің айналасындағы аңдушылар да түсініксіз себептермен жоғалып кетті. Осының барлығына нүкте қоятын уақыт келді. Өз адвокаттарым Назкен Құсайынова мен Әнуар Байдарға алғыс айтамын, олар өте сапалы талап арыз дайындапты, мен оған жаңа қол қойдым, енді арыз Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына табысталады".  width=