Ресей халқының саны соңғы 14 жылда болмаған деңгейде азаймақ. Арнайы үкіметтің баяндамасына сүйене отырып, Ресей халқы биыл 158 мың адамға азаятыны белгілі болды. Бұл коронавирус індеті мен елдегі экономикалық жағдайға тікелей байланысты.
Ресей халқының өсу динамикасы 2022 жылы қалыпқа келуі мүмкін. 2006 жылы Ресей халқы 373,9 мың адамға азайып, демографиялық антирекордты көрсеткен болатын.
Жалпы Ресейде халық санының өсу динамикасы Кавказ аймағында ең жоғары саналады.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ