Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мұғалімдер мен оқушылар «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды: дәстүрлі оқу тәртібіне көшу керек

Мұғалімдер мен оқушылар «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды: дәстүрлі оқу тәртібіне көшу керек

Мұғалімдер мен оқушылар «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды: дәстүрлі оқу тәртібіне көшу керек
ашық дереккөзі
 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус салдарынан білім беру жүйесінің өзгеріске ұшырағандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. "Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек. Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25  пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді".