Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін артады
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін артады

"Үкімет алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы керек. Ол халыққа, оның ішінде ауыл тұрғындарына барынша қолжетімді болуы тиіс. 3 жылда ауылдық елді мекендерде тиімді денсаулық сақтау жүйесін құру, барлық ауылдық елді мекенді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету үшін көлік медицинасын жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау керек", - деді президент."Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің 10 жылға арналған болжамын жасауды тапсырамын. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар барлық медициналық ұйымды қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етуге, төсек қорын 50 пайызға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды жаңартуға, халықтың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Тоқаев.