2025 жылға қарай Түркістанға келетін туристер саны артады

31 Қаңтар, 2019 874 0

2025 жылы Түркістанға 5 млн турист келеді деп жоспарлануда. Бұл туралы облыстық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Олжас Шынтаев аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.


Олжас Шынтаевтың сөзінше, облыс туризм саласы тарихи-мәдени, мінәжат ету, экологиялық және емдік-сауықтыру бағыттары бойынша әлеуетті саналады.

«Қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында ЮНЕСКО өкілдерін, Түркия мемлекетінің экспертін, «Tour Lab» туристік зертханасы мамандарын тарта отырып туристік бизнес, мұражай қызметкерлері, гид-экскурсоводтарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Елбасының 29 қыркүйекте Түркістан қаласына ресми сапары барысында Түркістан қаласында мәдени-тарихи туризмді, Төлебиде (Қасқасу) тау-шаңғы туризмін, Сарыағашта емдеу-сауықтыру туризмін дамыту тапсырылған», - деді Олжас Шынтаев.

Басқарма басшысының айтуынша, 2018 жылдың 9 айында туризм саласында орналастыру орындарынан түскен жиынтық табыс көлемі 1 млрд 13 млн 875 мың теңгеге жеткен. Бұдан 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1 пайызға артқанын аңғаруға болады.

Өз кезегінде аймақ басшысы облыстың имиджін көтеріп, шетелдік қонақтарды қызықтыру мақсатында сапалы жарнамалық роликтер мен фильмдер дайындау керектігін айтты.

«Аталған көрсеткіштерді Елбасының облысымызды қолдауының арқасында 2 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Ол үшін тиісті шараларды дер кезінде атқару маңызды. Мәселен, туристік 6 бағыт бойынша 6 кітап шығаруды тапсырамын. Онда туристік нысандардың суреттері мен мәліметтері және маршруттық картасы көрсетілуі тиіс. Туристік компаниялардың арасында бәсекелестікті қалыптастыру керек», - деді Жансейіт Түймебаев.

Айта кету керек, биыл облыстың үш туристтік нысаны  Әлемдік туристік тартымдылық тізіміне еніп отыр. Алдағы уақытта туризм индустриясының мултипликативттік эффектісін ескеріп, барлық бағыттар және тапсырмалар мен міндеттер орындалатын болады.


Дереккөзі: "Қазақпарат"


Тегтер: Туристер, Түркістан, облыс, туризм

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.