Түркістанда Ясауи туралы телехикая түсіріледі

31 Қаңтар, 2019 700 0

Түркістанда «Ахмет Ясауи» телехикаясы, «Әл-Фараби» көркем фильмі және «Қамбар батыр», «Сауран қалашығы» анимациялық фильмдерін түсіру жоспарланып отыр.

Бұл туралы облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа 2018 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде есеп беру кезінде баяндады.

Оның айтуынша, өңірде 678 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Оның 387-сі кiтапхана, 251-і клуб, 24-і мұражай, 3-і кәсіби театр, 7-і саябақ, 2-і орталық, 1-і облыстық филармония, 1-і көркемсурет галереясы, 1-і «Оңтүстікфильм» мекемесі, 1-і «Түркістан сарайы» концерттік мекемесі.

«Облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты 12 облыстық мәдениет және өнер мекемесі Шымкент қаласына берілді. Яғни, 5 театр, 3 кітапхана, 2 мәдени орталық, 1 музей, 1 цирк. Ал, облыстағы мәдени ошақтардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 117 млн. 741 мың теңге қаржы қаралды. Оған автокөлік, сахналық киімдер басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды», - деді Асылхан Темірхан.

2018 жылы аймақта отандық және әлемдік мәдениет туындыларына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 29 967 іс-шара ұйымдастырылған. Өткізілген шаралар негізінен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астананың 20 жылдығына орай өткізілді.

Бұдан өзге, «Оңтүстікфильм» мекемесі мен «Сақ» киностудиясы Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, «Ордабасы бірліктің туы», «Оқсыз», «Түркістан» анимациялық фильмдерін және «Төле би» атты 10 сериялы тарихи телехикаясын таспаланды. 


Дереккөзі: ҚазАқпарат.

Тегтер: Түркістан, Ясауи.телехикая

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.