2021 жылы қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады

2021 жылы қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады

ашық дереккөзі

 width= 2021 жылы 700 мың қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты. "Тапсырмамның аясында тұрғындар өз зейнетақы жинағының бөлігін пайдалану мәселесі қарастырылды. Бұл қазір өте өзекті. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинағының бөлімін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе жыл соңына дейін тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", - деді Президент.

Жүктелуде...