Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Украинаның келешегiне жұмыс жасаймын!»: Сейсембай - Саакашвилидің серіктесі

«Украинаның келешегiне жұмыс жасаймын!»: Сейсембай - Саакашвилидің серіктесі

«Украинаның келешегiне жұмыс жасаймын!»: Сейсембай - Саакашвилидің серіктесі
ашық дереккөзі
 width= Қоғам белсендісі, танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилимен бірге жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бұл туралы кәсіпкер Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
"Бүгiннен бастап Михаил Саакашвилидің серiктесi болғанымды ресми түрде жариялаймын. Бұл қызметте мен оған бар күшімді аямай көмектесіп, Украинаның келешегi мен абыройына жұмыс жасаймын! Қазақстаннан кетiп жатқан жоқпын. Екi елге қатынап жұмыс iстеймiн", - деп жазды ол.
Сонымен қатар Михаил Саакашвили Марғұлан Сейсембайды өз аудиториясына таныстырды. "Қазақстандағы мыңдаған ауылдың бірінен шыққан қарапайым жігіт алпауыт бизнес-империяны жасай білді. Сөйтіп, мультимиллионер атанып, "Форбстың" ТОП-50 тізіміне енді. Марғұлан өмір бойы тыным таппай еңбек етті. Соның арқасында үлкен табысқа жетті. Өз елінде ғана емес, шетелде де инвестициялық бизнестің аңызына айналды", - дейді Саакашвили. Экс-президент Марғұлан Сейсембайдың соңғы жылдары қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүргенін айтты. "Марғұлан Сейсембайдың бүгіннен бастап Қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесінің қызметі жөнінде ресми әріптесім болатынын қуана хабарлаймын", - деп жазды ол. Саакашвилидің айтуына қарағанда, Марғұлан Сейсембай реформалар мен заң жобаларының тиімділігін көтеру мәселесіне жауап береді. Сонымен қатар кеңсенің халықаралық қызметімен айналысады.