Түркістандық дәрігерлер 5-қабаттан құлаған баланы аман алып қалды

30 Қаңтар, 2019 845 0

Түркістан облысының дәрігерлері 5 қабаттың терезесінен құлап кеткен баланың өмірін құтқарып қалды. 5 жасар бүлдіршін үйінде қараусыз қалып, терезенің торынан құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша,  жедел жәрдем қызметі баланы емдеу мекемесіне жеткізгенде ес-түссіз, ауыр халде болған.

«Балада бас миының соққысы, бас миының шайқалуы, бастың көптеген жарақаттары, жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының соғылуы мен денесінде көптеген жарақаттар алғаны анықталған. Бала ауыр халде болды. Тек төртінші тәулікте ғана ол есін жиды. 20 күнге жуық бала жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Жан-жақты медициналық көмек көрсетіліп, бала аман қалды. Ем оң нәтиже беріп, науқас өз аяғымен жүре бастады»,-дейді Болат Нұсқабаев.

Балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары кішкентай науқастың  бір айдан астам ем қабылдағанын айтады. Оның сөзінше, балалардың   жоғарғы қабаттан құлап кету жайттары жиі орын алып жатады. Зардап шеккендердің дені 2-5 жас шамасындағы балалар.

Тегтер: Түркістан, облыс, дәрігер,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.