Бангкокта шаң-тозаңға байланысты 450 мектеп жабылды

30 Қаңтар, 2019 727 0

Бангкок билігі қала атмосферасының тым ластануына байланысты 450-ге жуық мектепті уақытша жауып отыр, деп хабарлайды Guardian.


Бангкок атмосферасына жинақталған түтін мен шаң-тозаң бірнеше аптадан бері сейілер емес. Соның салдарынан қала тұрғындары бетперде тағып жүруге мәжбүр болып отыр.

Қою түтін автомобильдер шығаратын газдардан, ауқымды құрылыс жұмыстарынан шыққан шаң-тозаңнан, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының түтіндерінен пайда болды.


Тегтер: Бангкок, мектеп, шаң

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.