"Титаникті" апатқа ұшыратқан - мумия

"Титаникті" апатқа ұшыратқан - мумия

ашық дереккөзі

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын Титаник кемесі суға кеткені тарихтан белгілі. Алайда неліктен суға кеткені туралы нақты деректер әлі күнге дейін жоқ. Сонда да қайғылы жағдайды көзбен көргендер, кейіннен біраз уақытқа дейін аңыз етіп әңгімелеп жүрді. Ол туралы басылымдарда да жарық көріп, арнайы кинолар да түсірілді. Қалай болса да, 1912 жылы сәуірдің 14 нен 15-не қараған түні Титаник кемесі алғашқы және соңғы рет саяхатқа шыққан кеме атымен тарихта қалды. Бүгін біз 108 жыл бұрын орын алған қайғылы оқиға туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз. Титаник кемесі басында ХХ ғасырда салынған алып кеме. Сыйымдылығы 2224 адамды құраған. Сенсация жасау мақсатында Британиядан шыққан кеме Америкаға рекордтық көрсеткішпен жету жоспарланған. Негізгі себеп жылдамдықты барынша асырған кеме мұхиттың төсінде ағарып тұрған айсбергті байқамай соқтығысқан. Алайда кейбір деректерде кемедегі мумияланған мәйіттің кесірі болғандығын алға тартады. Ал кейбір деректерде құтқарушы қайықтардың жетіспеушілігінен дейді. Құтқарушы қайықтардың саны 30-35 болған күнде 160 минут ішінде 2208 жолаушыны оған отырғызып үлгеруі екіталай еді. Дүрбелеңге түскен адамдар өмір мен өлім үшін күресте уақытты тиімді пайдалана алмаған сыңайлы. Қалай болған күнде де, Титаник кемесі басқаша рекордтпен тарихта мәңгі қалды. Сол жылы 10 сәуірде қолданысқа берілген алып кеме 15 сәуірде қолданыстан шығарылды. Кеме небәрі екі жарым сағат ішінде мыңдаған адамды су түбіне алып кетті. Оның қалдықтары араға 72 жыл салып қана су астынан табылған. Кейбір жолаушылар төрт күн алдын кемеге жұмысқа қабылданған екен. 30 механиктің біреуі де тірі қалмаған, өмірінің соңғы минутына дейін өзгелердің өмірін сақтап қалу үшін жұмыс істеген. Кеме бортында адамдардан бөлек 12 ит болып, оның үшеуі аман қалған. Сондай-ақ музыканттар да кеме суға батып кеткенше өз қызметтерін адал атқарған. Ресторан аспазы алкогольдік ішімдікті көп ішкені соншалықты, екі сағаттан астам уақыт мұз қатқан судан аман табылған. Жаңа үйленген 13 жұп жұбайлар бал айына аттанған. Титаниктің ең соңғы жолаушысы 2009 жылы 97 жасында өмірден өткен. Қайғылы апат кезінде ол небәрі екі жарым айлық нәресте болған екен.

Жүктелуде...