Жаңалықтар

Қытай Чехияға қыр көрсетті: Сендер 1,4 млрд халықтың жауына айналдыңдар!

Қытай Чехияға қыр көрсетті: Сендер 1,4 млрд халықтың жауына айналдыңдар!

 width= Чехияның Сенат спикері Милош Выстрчилдің Тайваньға ресми сапармен барғаны Қытайдың ашуына тиді. Бұл туралы Қытайдың СІМ ресми мәлімдеді. Қытай дипломаты Ван И «ол саяси көзқарасындағы жаңсақтық үшін бізге жауап беруге мәжбүр болады» деді. Қытай дипломатының ойынша «тұтас Қытай» принципін жоққа шығарған спикер мен Чехия «1,4 млрд халықтың жауына айналды». Естеріңізде болса, спикер Выстрчил 30-тамызда Тайваньға барған болатын. Ресми сапарға спикерден бөлек Прага мэрі мен 90 саясаткер қатысқан. Бұл сапар Тайвань мен Чехия арасындағы қатынасты күшейту мақсатында іске асты. Алдағы уақытта Сенат спикері Тайвань президентімен кездесіп, арнайы баяндама жасайтыны белгілі болды.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ