Forbes басылымы 2020 жылдағы ең бай адам рейтингін жариялады. Былтырғы рейтинг қорытындысы бойынша Кайли Дженнер ең жас миллиардер атанған еді. Биыл да ол өз орнында қалды
Сондай-ақ ол тарихтағы ең жас self-made (өз байлығына өзі жеткен, өз кәсібін өзі ашқан) атанып, Марк Цукербергтің рекордын жаңалады. Цукерберг миллиардерге айналған кезде 23 жаста болған.
Жалпы, 30 жасқа дейін миллардер атанған 8 биснесменнің 3-еуі қазіргі қаржыларын 0-ден бастап өздері жинағандар – Дженнерден басқа Stripe негізін қалаушылардың бірі Джон Коллисон және Snapchat-тың негізін қалаушы Эван Шпигель. Екеуінің де байлығын Forbes 2,1 миллиард доллар деп бағалаған.
Бір қызығы, Кайли биыл АҚШ-тың патенттер мен тауар белгілері бюросына екі бірдей сауда маркасын тіркеу туралы өтінім берген.
Олардың біріншісі – Kylie Kon. Бұл атаудағы бренд түрлі шаралар, арнайы кездесулер, конференциялар мен көрмелер, семинарлар мен бьюти-воркшоптар ұйымдастырумен айналысады. Кайли Дженнер тіркеуге ұсынған екінші марка – Kylie Museum. Бұл – офлайн-шараларға арналған платформа. Кайли музейіне қандай экспозиция қойылатыны әзірге беймәлім.
Бірақ Forbes миллиардері тізімін бастаушы әрі Kylie Cosmetics бьюти-империясының негізін қалаушы ретінде оның жұртшылыққа көрсетері әлі бар екені анық.