Түркістанда шопан қожайынның 1000 мың қойын сатып жіберген

Түркістанда шопан қожайынның 1000 мың қойын сатып жіберген

ашық дереккөзі

 width= Түркістан облысында шопан қожайынның мың бас қойын сатып жіберген, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Отырар аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, оның мың бас қойының жоғалғаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша бұл қылмысқа, малдарының жоғалуына малын сеніп тапсырған, яғни баққан қойшының қатысы болуы мүмкін. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 53 миллион теңгеден асты. Отырар АПБ-нің полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, оны Нұр-Сұлтан қаласында ұстады. Жедел уәкілдер жасырынған шопанды полиция бөліміне жеткізді. Ол өз әрекетін толық мойындады. Тергеу барысында күдікті екі жыл ішінде жәбірленушінің 1060 қойын бөліп сатқаны, ал ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Бүгінде тәртіп сақшылары ұрланған 30-ға жуық қойды заңды иесіне қайтарды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Жүктелуде...