«Барселона» Мессиді жазаламақ
«Барселона» Мессиді жазаламақ
Лионель Месси маусым алды жиындарға қатыспаған жағдайда "Барселона" аргентиналық шабуылшыға қандай шара қолданатыны белгілі болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, клуб басшылығы Месси командамен қанша күн жиынға қатыспаса, соғұрлым айлығын қысқартып отырмақ.
Мұның алдында Месси ПТР-тест тапсыруға келмеген. Сонымен қоса, ол каталондық клубқа маусым алды жиындарға қатыспайтынын ескерткен екен.
Еске салайық, 25 тамызда Месси "Барселона" басшылығына клубтан кететінін хабарлаған. Аргентиналық әр маусым соңында келісімшартты үзуге рұқсат беретін мүмкіндігін пайдаланбақ. "Барселона" футболшыны өзге командаға тегін бере салғысы келмейді, сондықтан мазақ қылғандай футболшыға 222 миллион және 1 еуро баға белгілеп қойған екен.