«Бойлары ұзын, сұлу»: Араб әмірліктерінен эвакуацияланған қыздар Текелі шипажайында жатыр

«Бойлары ұзын, сұлу»: Араб әмірліктерінен эвакуацияланған қыздар Текелі шипажайында жатыр

ашық дереккөзі

Алматы облысының орталығы Талдықорғанға Біріккен Араб Әмірліктерінен 11 сәуірде ұшып келген рейстің 135 жолаушысынан COVID-19 анықталған жоқ. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттық хабарламада Шаржадан келген жолаушылардың сараптама нəтижелері белгілі болған. «Жолаушылардың бəрінен келген бетте КВИ-ға анализ алынған болатын. Барлығының қорытындысы теріс болып шықты. Алгоритмге сəйкес олар екі күн карантинде болуы тиіс. Осы мерзім біткеннен кейін облыс əкімі Амандық Баталов олардың əрқайсысын тұрғылықты жеріне жеткізіп салуды ұйымдастыруды тапсырды. Қазір  оған дайындық шаралары жүріп жатыр», - делінген аталған хабарламада. Жолаушылардың ішінде 45 адам Талдықорғандағы қонақ үйлердің біріне орналастырылған. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшенің тұтас бір бөлігін жабуға тура келген. Ал, қалған 90 адам Текелі қаласындағы «Текелі» шипажайына уақытша қоныстаныпты. Бұл нысандарды арнайы полиция жасағы күзетіп, шетелден келгендердің тысқа шығуына қатаң тыйым салынған. Баспасөз қызметі Дубай, Шаржа және БАӘ-нің өзге қалаларынан келген жолаушыларға тегін тамақ, түрлі бағытта кеңес алу мүмкіндіктері қарастырылғанын айтты. Аймақта белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова шипажайға арнайы барып, Әмірліктерден оралған отандастарымызбен тілдескісі келген. Ол «Azattyq Rýhy» ақпарат агенттігімен шипажайда көргенімен бөлісті, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. «Қыздардың қандай жұмыс істейтіндері туралы ешкім айтпайды. Бірақ барлығының бойлары ұзын, түрлері әдемі. Сұлу қыздар. Сол жерде жүрген күзетшілерге темекі, балмұздақ, шемішке, "Coca Cola" сусынына тапсырыс беріп, жігіттер алып келіп жатыр екен. Бірақ бізді кіргізбеді, мен барып едім, кіргізбеді.  Бәрі қаздай тізіліп балкондарда тұр, темекілерін бұрқыратып. Әмірліктерде қайда жұмыс істегендерін кім білсін?», - деді Сандуғаш Дүйсенова. Журналист бұл туралы Facebook-тегі парақшасында да жазды.

Жүктелуде...