"Терминатор-2: Судный день" фильміндегі актриса Лесли Хэмилтон қайтыс болды, ол "Терминатор" кинокартинасының екі бөлігінде Сара Коннорды ойнаған Линда Хэмилтонның егіз әпкесі. Бұл туралы Movie Web мәлімдеді, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Kinonews.ru. сайтына сілтеме жасап.
Лесли Хэмилтон 22 тамызда 64 жасында АҚШ-та қайтыс болды. Оның отбасы бұл туралы ресми түрде тек қазір жариялап отыр. Өлім себебі айтылмады.