ШҚО-да ер адам 7 жастағы ер балаға зорлық-зомбылық көрсетіп өлтірген
ШҚО-да ер адам 7 жастағы ер балаға зорлық-зомбылық көрсетіп өлтірген

"Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады, ол Алтай ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.Еске салайық, кеше түн ортасында полицияға жеті жастағы баланың аулада жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы хабарласқан. Анасының айтуынша, бала әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен.