Жаңалықтар

Мұғалімдер мәселесі: ҰБТ кезінде талапкерге ұялы телефон ұстауға көмектескен

Мұғалімдер мәселесі: ҰБТ кезінде талапкерге ұялы телефон ұстауға көмектескен

 width= ҰБТ-да кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарын суретке түсіруге көмектескен. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында оқиғаның видеосын жариялады, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке байланысы бар екені туралы фактілер анықталды. Қараңыздаршы, қандай "батырлықпен" сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұрғанын. Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз", - деп жазған ол. https://www.facebook.com/100001161867984/posts/3157551844293513/?extid=uMcShHezVBOJObQo Сонымен қатар, ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша, 158 тестіленушінің нәтижесі жойылған. Олардың 97-сі грант иегері атанған болатын, соның ішінде 138 балл алған түлек те бар екен. Дидар Смағұловтың хабарлауынша, соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркеледі. Толығырақ ҰТО парақшасында жарияланады.