Банктерге ипотека бойынша сыйақы алуға тыйым салынады

29 Қаңтар, 2019 838 0

2019 жылдың 2 ақпанынан бастап банктерге ипотекалық заем төлеу мерзімі 180 күн өтіп кеткеннен кейін есептелінген сыйақыны алуға тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

«Бұл түзету жеке тұлғаны (заемшыны) сыйақы бойынша қарызының өсіп кетуінен қорғап, банктердің борышкерге қатысты дер уақытында шара қабылдау жауапкершілігін арттыратын болады», - делінген Әділет министрлігі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2019 жылдың 21 қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңға түзетулер енгізіліп отыр.


Тегтер: Банк, Қазақстан, сыйақы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.