Төлеби ауданында селден зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды
NewsRoom
Төлеби ауданында селден зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды
ҚР Конституциясы күні қарсаңында Төлеби ауданындағы үйлерін тасқын су басқан 42 отбасына жаңа үйлердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғындардың қуанышымен бөліскен өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бірнеше үйді аралап шығып, баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтады.