Түркістан облысында шаруаларға жанармай тасымалдау мәселесі талқыланды
Түркістан облысында шаруаларға жанармай тасымалдау мәселесі талқыланды
Түркістан облысы, Шардара ауданында шаруаларға жанармай тасымалдау мәселесі талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары А.Тәженов пен ауыл шаруашылығы бөлімнің басшысы Т.Әлімқұлов шаруаларға жанармай тасмалдаушы «КазРосНефть» және «Simyrg Trans Oil» ЖШС өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында шаруа қожалықтарға жанармай жеткізу жайы қозғалып, жанармай қорының көлемі мен оның бағасы талқыланды. Аталмыш операторлар өз қоймаларында аудандағы шаруалар мен фермерлерге қажетті жағармай қоры толықтай жететіндігін айтты. Сондай-ақ, жанармайды бастапқы босату орталығынан 160 теңге, ал жеткізіп тасымалдау түрі бойынша 163 теңгеге сатып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, биылғы жылы әлемдік төтенше жағдайға байланысты дизельдік отынға сұраныстың төмендегенін де жасырмады.