Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Конституция күні қарсаңында екі бірдей саябақ ашылды. Демалыс орнының біріне қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшыл Абайдың есімі берілді. Саябақта ұлы ақынның мүсіні бейнеленген зәулім ескерткіші орнатылған, деп хабарлайды Newsroom.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саябақтың жалпы аумағы - 2 гектар. Онда қазірдің өзінде 400 түп тал егіліп, айналасы абаттандырылған. Түрлі-түсті шамдар орнатылып, аяқ жолдар төселген. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың жанға сая табатын сүйікті демалыс орны болмақ. Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына аудан әкімі Салыхан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов қатысып, жұртшылықты Конституция күнімен құттықтады.