Келесте 4 бірдей шаруашылық балық өсірумен айналысады
Келесте 4 бірдей шаруашылық балық өсірумен айналысады
Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту ісі жолға қойылған. Мысалы, Келес ауданында балық шарушылығымен айналысатын 4 шаруашық жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Newsroom.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Олардың барлығы да соңғы технологиялармен жабдықталған. Соның бірі - Қошқарата ауылдық округінде орналасқан «Жақсылық жасау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Мекеме басшысы кооператив негізін 2018 жылы қалап, құны 250 млн теңге болатын жобаны іске қосқан. Бұл қаржының жартысын, яғни 125 млн теңгені Үкімет тарапы субсидия ретінде бөлген.