Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 47-ге жетті.Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің 1970 ж. тұрғыны және Ш. Ділдабеков ауылдық округі, Достық ауылының 1971 ж. тұрғыны, осы ауданның Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылының 1994 ж. тұрғынында коронавирус инфекциясы расталды. Аталған азаматтың үшеуі де COVID-19 вирусы анықталған науқаспен жақын байланыста болған.Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 18 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ, Кентауда - 5, Ордабасы - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан.Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.