Түркістанда «Мектепке жол» акциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы өтті

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Түркістан қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті. Аталған шара әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған көпбалалы отбасыларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап, балаларды мектепке дайындау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Newsroom.kz. Шара аясында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мектепке қажетті құралдарды жабдықтауға қаржылай көмек көрсетті. Акцияға арнайы қатысқан партияның филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жас өрендерге жаңа оқу жылы табысты өтсін деген тілегін жеткізді. Республикалық акция аясында Түркістан қаласындағы жартылай жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 50 бала көмекпен қамтылды.  

Жүктелуде...