«Үйленгенімізге 50 жыл»: Болат Назарбаев бәйбішесі туралы айтып берді
"Үйленгенімізге 50 жыл": Болат Назарбаев бәйбішесі туралы айтып берді
ашық дереккөзі
Болат Назарбаев ерекше сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Танымал меценат осыдан елу жыл бұрын отасқан бәйбішесі жайында бар шындықты айтты. Ол ғашығын үйіне алғаш алып келген күнін әлі ұмытпаған болып шықты, - деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Болат Назарбаев жұбайымен қалай танысқанын егжей-тегжей айтып, бүгінде онымен арақатынасы қандай екенін де жасырмады. "Мен әскерден келген кезімде ортаншы ағам Сатыбалды Үштөбеде "Бірінші май" совхозында тұратын. Бауырым екеуміз Үштөбеде көлік жүргізушісі болып жұмыс істедік. Сол совхозда Гүлжанды кездестірдім. 1974 жылы төртінші желтоқсан күні Шамалғанға алып келдім. Ол күн әлі есімде. Гүлжан екеумізде екі қыз, бір ұл бар. Отасқанымызға елу жыл болып қалды. Қазір қарасынан-ақ түсінісетін болдық. Не айтайын деп отырғанымызды да біліп тұрамыз. Әйелің анаң сияқты болып кетеді екен. Еркелейсің оған. Ондай адамды шын айтайын, әлі кездестірген жоқпын. Осы уақытқа дейін бір қарсы шығып, бір сөз айтқан емес.
"Ең бастысы аман болшы" дейді" - деді Болат Назарбаев. Айта кетейік, бұған дейін Болат Назарбаев туған ағасы туралы бар шындықты айтқан болатын. Ол Елбасыдан ешқашан жұмыс сұрап көрмегенін жеткізді.