Жаңалықтар

Кентаудағы ауруханаға жаңа медициналық аппараттар жеткізілді

Кентаудағы ауруханаға жаңа медициналық аппараттар жеткізілді

 width= Түркістан облысы Кентау қаласының орталық ауруханасына құны 15 млн теңге болатын жасанды тыныс алу аппараты жеткізілді, деп хабарлайды Newsroom.kz өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Катко» демеу корпаративтік қоры Оңтүстік Кореядан жалпы құны 92 млн теңгеге заманауи соңғы үлгідегі 6 бірдей құрылғы алдырып, өңіріміздің өзге де аудан қалаларының ауруханаларына сыйға тартты. Бұған дейін де игі істің бастамашысы болып келген қордың бас директоры Тағабек Жанксиев алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын жалғастыра беретіндерін жеткізді. «Жалпы елде індет басталғалы біздің мекеме қайырымдылық шараларынан шет қалған емес. Мәселен, біздің тарапымыздан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «bizbirgemiz» республикалық акциясы аясында 50 млн теңге көлемінде ақшалай көмек берілді. Ал, мына аппараттарды ауруханаларға қосымша әлеуметтік көмек ретінде табыстап отырмыз. Бүгінде сатып алынған құрылғыларды Ордабасы ауданы мен Жетісай, Кентау қалаларына тарту еттік. Осы құрылғылар қатерлі дертке шалдыққан азаматтарды емдеп шығуға зор септігін тигізеді деген сенімдеміз», – деді Т.Жанксиев.