Алуа Қонарова 20 жасында қырғыз жігітіне тұрмысқа шыққанын айтты

28 Қаңтар, 2019 1042 0

Танымал продюсер Алуа Қонарова бір кездері қырғыз жігітті сүйіп, айыр қалпақты азаматқа тұрмысқа шыққанын айтты. Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қонарова Ыстықкөлге барамын деп қырғыз жігітіне ғашық боп қайтқанын жазған. 

«Денелі жігіт еді. Иә. Қырғызстанға тұрмысқа шықтым. Ол кезде небәрі 20 жастағы бойжеткенмін. Үй тірлігіне араласпаған, біреудің жалғыз қызы қырғызға тұрмысқа шықты. Сәлем салудан бастап, келіндік қызметтің барлығын атқардым. 

Алайда менің келіндік ғұмырым аяқталды. Екеуміз үшін де дұрысы осы болды», - деп ол үйлену тойындағы суретін жүктеген. 

Желі қолданушылары продюсерге алдағы уақытта өз жартысын табуына тілектестік білдірді. 

Тегтер: Алуа, Конарова

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.