Карантинде той жасаған Төреғали Төрәлінің отбасы неге жазаланбады?
Карантинде той жасаған Төреғали Төрәлінің отбасы неге жазаланбады?

«Той жасау үшін гольф алаңы жалға алынғандығы белгілі болды. 18-ге жуық бір отбасының ғана адамдары мейрамға жиналған. Бұған қоса рәсім 60 минутқа созылып, мерекелік дастархан жасалмаған. Гольф алаңының әкімшілігін жазалауға мүмкін болмады. Себебі аудандық ішкі істер бөлімінде тиісті дәйектемелер табылмады. Құқықбұзушылықты дәлелдейтін айғақтардың жеткіліксіз болуынан бұл іс Алмалы ауданының полиция бөлімшесіне қайтарылды», - деді департамент өкілі Кенжегүл Қонысбаева.Сонымен қатар департамент өкілдері олар той өткізген мейрамхана иелерімен де сөйлескен.
«Болжалды түрде той өткен мейрамхана иелері әлеуметтік желіде таралған видео мен суреттердегі жиын орнының оларға еш қатысы жоқ екені туралы түсініктеме келіп түсті. Сол күні әнші Төрағали Төрәлі Нұр-Сұлтанға ұшып кеткен. Мейрамхананың видеоға қатысы бар екенін дәлелдеу мүмкін емес болғандықтан шаралар қолданылмады», - деді департамент өкілі.