Түркістанды түлетуге жастар да үлес қосады

28 Қаңтар, 2019 675 0

Түркістандық жастар жаңадан құрылған облыс орталығын түлетуге өз үлестерін қоспақ. Қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Ерұлан Тұңғышбаев Жастар жылында игі істер қолға алына бастағанын атап өтті, деп хабарлайды newsroom+ ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып,.

Астанада өткен Жастар жылының ашылу салтанатын тікелей эфирден тамашалаған Ерұлан Тұңғышбаев көңіліне бірнеше ой түйіп,  Елбасының  жастар арасында жұмыссыздықты азайту мәселесін атап өткеніне ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, Мемлекет басшысының бұл көрсеткішті 1 пайызға дейін төмендету жөніндегі тапсырмасы әрі бастамасы қоғамның өзекті мәселесін дөп басты. 

«Қазір қос-қос дипломы болса да, екі қолға бір күрек таппай жүрген жастар жеткілікті. Мемлекет басшысы: «Келешекте еңбек нарығына шығатын жастардың саны арта түсетін болады», - деді. Жастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, жұмыс орындары көбейсе жастар жылының мәні арта түспек. Бүгінде Түркістан облысында бұл бағытта жұмыс басталып кетті деуге негіз бар. Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен әрі қолдауымен жаңа тынысы ашылған Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта да қарқыны арта түседі. Міне, осы қайнаған еңбектің ортасына жалынды жастар да қосылып, жұмыспен қамтылуда. Түркістанның туристік әлеуеті көтерілетінін ескерсек, жастарға жұмыс орындары көбейеді деп сеніммен айтуға болады. Жастар жылы жас өрендерге оң серпін беретін нақты жобалар мен жұмыстарды қолға алынып жатқаны қуантады. Бұл бағытта жұмысты күшейтеміз», - деді қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы. 

Тегтер: Түркістан, облыс, жастар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.