50 оқушы мінген автобус аударылды

28 Қаңтар, 2019 826 0

Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш штатында 50-ге жуық оқушы мінген мектеп автобусы аударылды, деп хабарлайды  NDTV телеарнасы.


Оқиға Гунтур округінде орын алған. Автобуста дарынды балалар мектебінің оқушылары болды. Апат салдарынан «зардап шеккендердің көп екендігі» атап өтілген. Ал үшеуінің жағдайы өте ауыр.

NDTV мәліметінше, автобус жүргізушісі оқиға кезінде  мас күйінде болған. Қазіргі кезде ол ұсталып, тергеуге алынды.

ANI агенттігі жариялаған фотосуреттерде аударылған сары түсті автобус пен оның қасында адамның көп жиналғаны көрініп тұр. Агенттік сондай-ақ жол апаты салдарынан 17 адамның зардап шеккенін, екі баланың ауыр жарақат алғанын атап өтті. Олардың барлығы жедел түрде ауруханаға жеткізілді. 


Тегтер: оқушы, автобус, ЖКО, 50, үндістан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.