PR-технологияның Қазақстан спортын дамытудағы рөлі

28 Қаңтар, 2019 1413 0

NewsROOM+. «PR дегеніміз мекемелер мен бұқара халық арасындағы түсіністік, жағымды қарым-қатынас жасау жəне оны қолдауға бағытталған нақты жоспар бойынша үзіліссіз жүргізілетін үрдіс», - десе, екіншілері, паблик релейшнз – мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдар мен əлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа кəсіпкерлік саласы; қоғам мен ұйымдар арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Қазіргі таңда Қазақстан PR-нарығындағы өзекті мəселе – қазақ тілді сарапшылардың аздығы. Осыдан келіп қазақ тіліндегі сапасыз, тілді қорлап, намысыңды қоздыратын жарымжан жарнамалық өнімдер пайда болады.

Қазақстанда журналистика мен PR-дың нарықтағы қарым-қатынасы да қарама-қайшылыққа толы екендігі шындық. Басты себебі – нарықтың өзі жете дамымаған, əр саланың қызметкерлері журналистика, PR, жарнаманың ара-жігін ажырата бермейді. Жарнама қандай да жолмен оқырманды қызықтырып, жарнамаланған тауарды сатып алып, қызметті пайдалануға психологиялық тұрғыдан ықпал ететін ақылы қызмет. Ал PR-материал оқырманға əлеуметтік мəн-маңызымен пайдалы ақпарат береді əрі өзінің көкей- кестілігімен ақысыз жариялануға сұранып тұрады. Өткізілетін PR шараның тиімділігіне жету үшін БАҚ пен қоғамды бірдей қызықтыратын құнды ақпарат болу қажет. Кейбір ұйымдар əр PR-шараға əртүрлі БАҚ-ты шақырады, мұны олар бұқаралық ақпарат құралдарының тақырыптық ерекшеліктері мен аудиториясының əртүрлілігімен түсіндіреді.

Спорттық баспасөз бен телевизия жақсы дамыған. Телеарналар танымал спорт түрлерін жариялайды. Футбол, хоккей және теннис чемпионаттарын көруге болады. Ғаламторда спорт жаңалықтары қол жетімді, біріншіден, ресми сайттарында, әртүрлі спорт ұйымдарының, мысалы: Қарағанды "Шахтер" футбол клубы ресми сайты - www.shahter.kz , "Барыс" хоккей клубының ресми сайты - www.hcbarys.kz, "AstanaProTeam" астана велокомандасының ресми сайты- www.astanaproteam.kz, екіншіден, спорттық порталдар мен сайттарда:

www.sports.kz, www.prosport.kz және т. б. Жаңалықтарды кез келген уакытта көруге болады .

Кәсіби спорт клубтарында PR-қызметі табысты жұмыс жасайды. Сауатты PR-қызметтері "Барыс" хоккей клубымен "Астана" елордалық футбол клубында ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл клубтарды "Астана" ПКСК өз бақылауында қамқорлығына алады, инвестициялайды.

Президенттік кәсіби "Астана" спорт клубы – заманауи талапқа жауап беретін, спорттық PR және менеджмент бірлестігі саласында соңғы үлгілермен қамтамасыз етілген, мемлекеттің беделін күшейтуге арналған клуб.

Сонымен, қазіргі таңда PR-технологияның Қазақстан спортын дамытудағы рөлі өте зор деп айтуға мүмкіндік бар. Оған бірнеше дәлел келтіруге болады.

Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин рематч алдында қолтаңба таратты. Нәтижесінде қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген боксшының автографы бар қолғапқа ие болды. Бұл туралы кәсіпкер Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. «Менің балаларыма осында керемет сыйлық жасағаны үшін Ринат Сейтжанов пен Геннадий Головкинге алғыс білдіремін. Қолғап - Қасымхан үшін, ал фотокарта қызым Алтынайға. Алға, Қазақстан! Алға, Геннадий!» - деп жазды Қайрат Құдайберген.

Геннадий Головкин танымал америкалық актер Марк Уолбергке де қазақы нақыштағы қолғабын сыйға тартқан еді.

Лос-Анджелестің орталығында орналасқан Microsoft Square алаңы екінші жыл қатарынан әлемдік кәсіби бокс сүйер жанкүйердің басын біріктіріп отыр. Дәл осы алаңда өткен Головкин мен Альварестің көз түйістіру рәсіміне жиналған жанкүйерлер саны көп болды. Тіпті, шоу басталардан бірнеше сағат бұрын жанкүйерлер кезекке тұра бастады екен.

Әлемдік бокс тек промоутерлік компанияларға ғана қызық емес, осындай жиындарда көшелерде түрлі футболка, бас киім, білезік сатып жүретін ұсақ-түйек саудагерлердің де саудасы қызады екен.

Алаңдағы шағын базарда GGG таңбасымен сатылып жатқан дүниенің саны көп. Әлемнің әр бұрышынан жиналған фанаттар Головкин үшін қазақша үйреніп, «Сәлем», «Қалайсың?» деген сөздерді жаттап та үлгеріпті .

Отандық боксшы Қанат Ислам болса Америкада «Qazaq promation» промоутерлік PR компаниясын ашты. «QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде ол «Main event» промоутерлік компаниясымен серіктестік орнатты. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу - оның ең басты мақсаты.

Қанат Ислам кәсіпқой бокста 2009 жылдан бері 22 кездесу өткізіп, оның барлығын жеңіспен аяқтаған. PR - компания биыл чемпиондық жекпе-жек ұйымдастыруды мақсат етіп отыр.

Кәсіпқой боксқа қадам басқан қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов алғашқы жекпе-жегін биылғы жылғы 28 сәуір күні өткізетін болды. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында боксшы келісімге келген Boxing Star LLC менеджерлік PR - компаниясының өкілі З.Алиев мәлім етті. Данияр

Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Нью-Йоркта 28 сәуір күні өткізеді. Ал Даниярдың екінші кездесуі 2 маусым күні Лондонда өткізу жоспарланған еді .

Еске сала кетсек, бүгін Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің промутері белгілі болды. Боксшымыздың промоутері британдық Эдди Хирн. Эдди Хирн супер ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаның (20-0, 20 КО), жеңіл салмақтағы WBA Super және IBF чемпионы Райан Барнет (18-0, 9 КО), жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Кел Брук (37-2, 26 КО) пен орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобстың (33-2, 29 КО) промоутері болып табылады.

«Астана» футбол командасының конголық шабуылшысы Жуниор Кабананга 2017 жылғы Қазақстан Премьер Лигасының ең үздік футболшысы атанды.

Бас жаттықтырушылар мен ҚПЛ футболшылары арасындағы ай сайынғы сауалнама нәтижесінде Кабананга 117 ұпаймен бірінші орынды иеленсе, екінші орынды ганалық шабуылшы Патрик Твумаси 115 ұпаймен, ал алматылық «Қайраттың» ивуарлық футболшысы Жерар Гоу үшінші орынды місе тұтты. Қазақстанның үздік ойыншысы атағына ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламхан ие болды.

Айта кету керек, бұған дейін «Алмаз» жобасы аясында Ұлықбек Бақаев (екі мәрте – 2011/2012), Андрей Финонченко (2013), Бауыржан Исламхан (екі мәрте – 2014, 2016), Жерар Гоу (2015) футболдан Қазақстан чемпионатының үздік ойыншылары ретінде танылған болатын [62].

Енді қазақстандық спорттағы PR қызметі арқылы Қазақстан Премьер-Лигасының ең қымбат футболшыларын анықтайтын болсақ, көш басында бірден үш футболшы. «Астананың» ойыншылары Патрик Твумаси мен Дмитрий Шомко және «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламханның нарықтағы құны тура 2 миллион евроны құрайды екен. Қымбат футболшылар тізімінде «Ордабасының» бір ғана футболшысы бар. Қалғаны «Қайрат» пен «Астананың» ойыншылары [61].

1-3. Патрик Твумаси, Дмитрий Шомко - «Астана», Бауыржан Исламхан - «Қайрат» - 2 миллион евро

4-5. Исаэл Барбоза - «Қайрат», Марин Томасов - «Астана» - 1 миллион 700 мың евро

6-7 Пабло Фонтанелло - «Ордабасы», Исламбек Қуат - «Қайрат» - 1 миллион 500 мың евро

8-10. Юрий Логвиненко - «Астана», Иво Иличевич, Ғафуржан Сүйімбаев - «Қайрат» - 1 миллион 200 мың евро.

Сонымен қатар, ҚР Спорт саласына "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ спорт қаржы бөлуде. "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры" корпоративтік қоры арсында жасалған үшжақты келісім шеңберінде 5 миллиард теңге көлеміндегі алғашқы транш осы жылдың 13 ақпанында жасалды. Аталған құжатқа сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамынан бөлінген қаражаттың Корпоративтік қор тарапынан мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге жауапты.

Келесі транш Корпоративтік қордың алдын ала өтінімі бойынша әр тоқсан сайын жасалатын болады.

Осылайша, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамы ҚР-ның спорттағы жоғары жетістіктері мен ұлттық спорт түрлерін қаржыландыруды тоқтатқан жоқ 

                                                                                                                                               Махметов Қуаныш

Тегтер: спорт, пиар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.