8 күннен бері іздестіріліп жатқан 13 жасар қыздың денесі орманнан табылды

8 күннен бері іздестіріліп жатқан 13 жасар қыздың денесі орманнан табылды

ашық дереккөзі

 width= Полиция сегіз күн бойы іздеген 13 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. - "28 тамыз сағат 17:45 кезінде Көкшетау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Краснояр кентінен 5 шақырым жердегі орман алқабынан жоғалған жасөспірім Әйгерім Хайдарованың жерге көмілген денесін тапты", - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда қыздың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 25 тамызда іс қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" санатына ауыстырылды. Полиция 13 жасар қызды жоғалып кеткен күні көрген болуы мүмкін 200-ден астам куәгерлерден жауап алды. Іздеуге еріктілер қосылды.

Жүктелуде...